Адамзаттық капитал

Жазғы сауықтыру лагеріне Шымкенттен 136 мыңнан астам оқушы барады

Биыл Шымкент қаласындағы 124 жалпы білім беретін мектептерден 136851 оқушы жазғы демалыс маусымындағы лагерлерге қатыса алады. Бұл көрсеткіш өткен оқу жылымен салыстырғанда 7791 оқушыға артып отыр, деп хабарлады қала әкімдігі.
Оңтүстік Қазақстан19 Мамыр , 14:32

Айта кетерлігі, олардың ішінде 26 939 бала әлеуметтік тұрмысы төмен отбасының балалары болса, 16276-сы көп балалы  отбасының жасөскіндері, 5162 бала өте мұқтаж отбасының балаларынан құралған. Қуантарлығы, қала әкімдігінің қолдауымен бұл игілікті шараға 4894 жартылай жетім, 607 ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған балалар тартылған.

Бұл туралы қала әкімдігінде оқушылардың жазғы демалысын, сауықтыруын  және жұмысқа тартылуын ұйымдастыру туралы жиында қалалық білім бөлімінің басшысы Ы. Мадиев мәлімдеді.




Дерекнама

Яндекс.Метрика