Парламент

Б.Сұлтанов: 2015 жылғы ҚР-ның республикалық бюджетіне 6 трлн 37 млрд теңге түскен

Республикалық бюджеттің кірісі 4%-ға өсті және жоспардың 6 трлн 37 млрд теңгесін құрады немесе 105,7 %, деп Парламент Мәжілісінде 2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін таныстырған ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов осылай мәлім етті.
Астана қаласы19 Мамыр , 12:07

«Кіріс 6 трлн 37 млрд теңге сомасында түсті немесе 105,7 %,республикалық бюджеттің кірісі 4%-ға өсті. Кірістің жартысын салық құрды, 43% трансфертке кіреді және 3% салықтық емес және басқаларға»,-деді министр.

Оның айтуы бойынша, кіріс құрылымында ұлттық қордың бақылау циклі көрінген, үлес аударымдары 2014 жылмен салыстырғанда өскен.

«Кіріс жоспары екі салық есебіне орай 330 млрд теңгені орындады:  корпоративтік табыс салығы және сараптық кедендік баж салығы, 230 65 млрд теңгеге асыра орындалды»,-деді ол.

Сонымен қатар, бір жарым миллиард теңгеге шамалы жеткіліксіздігі – бұл ҚҚС және акциз бойынша – ҚҚС-ты үлкен сомада қайтару мен темекі импортының қысқаруына байланысты.

Министрдің айтып өткеніндей, бұрынғы жылдар секілді, берешекті бақылау салық органдарының басты жұмысы болып табылады. Оның көлемі 27%-ға төмендеген және 57 млрд теңгені құраған. Сонымен бірге, тек есептік күнде ғана төмендеу байқалмайды, сондай-ақ жыл ішінде де. Орташа айлық берешегі де 14%-ға төмендеген.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика