Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

«Самұрық-Қазынаның» 8 еншілес ұйымы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында өзара іс-қимыл жасау келісіміне қол қойды

Астанада «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ң сегіз еншілес ұйымы ҚР «Атамекен» ҰКП-мен кәсіпкерлікті қолдауды дамытуда өзара іс-қимыл жасау туралы келісім бекітті.
Астана қаласы19 Мамыр , 12:04

Өзара іс-қимыл келісіміне  ҰКП-мен «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Қазақстан темір жолы» АҚ, «KEGOC»АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазатомпром» АҚ, «Қазақстан инжинринг» АҚ және «Тау-Кен Самұрық» АҚ-ы қол қойды.

Құжатқа қол қою салтанатына ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов және «Самұрық-Қазына» қорының еншілес ұйым басшылары қатысты.

«Біздің міндетіміз – барынша отандық өндірушілерді тапсырыспен жүктеу. Ал, мына қатысып отырған сегіз компания «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ң сатып алу көлемінің 94 % құрайды – бұл шамамен 3,2 трлн. теңге»,-деді ҚР «Атамекен» ҰКП-ң басқарма төрағасы А.Мырзахметов.

А.Мырзахметовтың сөзінше, қормен бірлесе жұмыс істеудің арқасында сомасы 410 млрд. теңге болатын мыңнан артық келісім бекіту мүмкіндігі туған. 




Яндекс.Метрика