Халықаралық интеграция

ҚР Қорғаныс министрлігінің арнайы мақсаттағы жауынгерлері Иорданияда өткен халықаралық сайысында жүлделі орындарға ие болды (ФОТО)

ІІ Абдулла Королі атындағы «KASOTC» Иорданиялық Хашимит корольдігінде «Warrior-2016» арнайы операциялар күштері бөлімшелерінің VIII жыл сайынғы жарысы өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде 19 Мамыр, 20:41

Бес күн бойы 11 елден жиналған 25 команда автоматты қарудан, помпалы мылтықтардан, мерген винтовкаларынан және тапаншаларда әртүрлі тактикалық жағдайда құрамдастырылған оқ атуларда күш-жігерлері мен кәсіпқойлықтарын, сондай-ақ жылдамдықтарын, төзімділіктерін, командада жұмыс жасай алу шеберліктерін көрсетуде бақ сынасты. Биылғы жылғы сайыста Қазақстан ҚР Қорғаныс министрлігінің арнайы мақсаттағы әскери қызметшілердің командасымен ұсынылды.

Арнайы мақсаттағы жауынгерлерімізге сайыс барысында он командалық кезеңде және бір жеке біріншілікте шеберліктерін паш етуге тура келді. Қатысушылардың айтуынша, кезеңдер күрделі, бірақ, атқаруға келетіндей болды. «Кезең ережелері жыл сайын өзгеріп тұрады.

Осы жылы ұйымдастырушылар барынша қызықты етіп жасаған. Әрбір жаттығу дерлік «тосынсыймен» болды», - деді қазақстандықтардың бірі. Сәттілік туралы айтатын болсақ, биылғы жылы ҚР Қорғаныс министрлігінің арнайы мақсаттағы жауынгерлері екі бірдей аталымда жүлделі орынды еншілегендерін айта кеткен жөн. Бірінші – ұшақ шабуылында («The Punisher») және үшінші – топ құрамында кедергілерді еңсеру мен автоматтық қарудан («Soul Crucher») атысты жүргізуде. Жалпы алғанда, командамыз ұпай саны жағынан 4 жыл бойы үздік нәтиже көрсетті.


 
 
 





Дерекнама

Яндекс.Метрика