Халықаралық интеграция

Е.Шайкенов: Қазақстан мен Үндістан тауар айналымын 5 млрд долларға жеткізуді жоспарлауда (ФОТО)

Іскерлік кеңес Қазақстан мен Үндістан арасындағы тауар айналымы мен инвестицияны арттырады. Екі-үш жыл ішінде Қазақстан мен Үндістан тауар айналымын 5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отырмыз, деді қазақстандық – үнділік іскерлік кеңестің тең төрағасы Ержан Шайкенов Астанадағы іскерлік кеңес отырысында.
Астана қаласы 19 Мамыр, 11:49

«Іскерлік кеңес тауар айналымы мен инвестиция артуына себепші болады деп үміттенеміз. Біз Қазақстан мен Үндістан арасындағы кәсіпкерлік диалог ұйымдастыруын артыруды жоспарлап отырмыз. Екі-үш жыл ішінде Қазақстан  мен Үндістан тауар айналымын 5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отырмыз», - деді Е.Шайкенов.

Ол атап өткендей, ең бастысы сауда-экономикалық байланысты біріктіру қажет.

«Іскерлік кеңес заңнамалық және атқарушы билік арасындағы өзара қарым-қатынасты арттырады. Соңғы уақытта 100 үнділік компания Қазақстанда жұмыс істейміз. Қазақстандық  тараптан қосындылар, пальма майы, мрамор мен жеке тастарды сатып алу өтініші келіп түсті», - деді Е.Шайкенов.

Оның айтуынша, үнділік тарап белсенді қадамға ие болып отыр.

«Бұл жерде үнді фильмін түсіру жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан да олар Қазақстанды туристік бағыт ретінде ілгерілетуде», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 
 





Дерекнама

Яндекс.Метрика