Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қазақстан мен Үндістан көлік және логистика бойынша жолды дамытуда

Қазақстан мен Үндістан көлік және логистика бойынша ең тиімді жолды дамытуда. Бұл туралы Үнді Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елші Болат Сәрсенбаев қазақстан-үндістан іскерлік кеңесі аясында мәлім етті.
Астана қаласы19 Мамыр , 11:32

«Қазақстан мен Үндістан арасында сауда айналымы айтарлықтай жоғары, миллиард доллардан астам. Сонымен қатар, барлық жақ біз одан да көп нәрсе жасай алатынымызды түсінеді. Біздің ынтымақтастығымыз кеңеюде, қызығушылық өте үлкен. Менің ойымша, экономикалық қарым-қатынасты біздің елімізді қанағаттандыра алатындай деңгейге жеткізеді»,-деді ол.

Дипломаттың айтуы бойынша, Қазақстан құрылыс материалдарын жеткізуде мүдделі, Үндістан- тыңайтқыштар, металдар мен басқа да өнімдер.

«Біз сонымен қатар инвестициялық құрамды дамытқымыз келеді, яғни біріккен кәсіпкерлерді жұмылдыру, үнді компаниялар Қазақстанның аумағында жұмыс істеуге жұмылдыру. Статистикалық мәлеметтерге жүгінетін болсақ, үнді капиталымен Қазақстанда 400-ден астам компания тіркелген, бірақ ол көбінесе шағын және орта бизнес. Біз ірі компаниялардың келгенін қалаймыз»,-деді ол.

«Бүгінгі күні үндістер осы жобаға мүдделі. Ең жақын теңіз портына өту үшін, Үндістанның батыс жағалауындағы теңіз портына қосылу үшін келіссөздер жүргізудеміз. Бұл Үндістаннан Қазақстанға барудың ең қысқа жолы болады, сондай-ақ Қазақстан арқылы да. Үндістан тарапы өз өнімдерін Қазақстан арқылы транзиттеуге мүдделі. Сол себепті көлік және логистика бойынша жұмыс топтарын құру шешімін шығардық»,-деді ол.

Отырысқа үндінің 30-дан астам компаниясы қатысуда, олар инженеринг, құрылыс, логистика, IT-технология, ауыл шаруашылық жабдықтар, мұнай химия, формацевтика, медицина саласында жұмыс істейді және үнді серіксестерімен сауда-экономикалық желіге мүдделі қазақстандық 40 компания.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика