Халықаралық интеграция

ҚР делегациясы саясат пен қауіпсіздік бойынша өткен жоғары деңгейдегі ЕО-ОА Диалог отырысына қатысты

Брюссельде саясат және қауіпсіздік мәселесі бойынша Еуропалық одақ пен Орталық Азия елдері арасындағы жоғары деңгейдегі үшінші Диалог отырысы өтті.
Әлемде19 Мамыр , 14:48

Қазақстан тарапын Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко бастаған, құрамы СІМ, ІІМ және ҰҚК өкілдерінен тұратын делегация таныстырды. Еуропа делегациясын Еуропа Сыртқы әрекеттер қызметінің Бас хатшысының орынбасары Хельга Шмид басқарды.

Кездесуге қатысушылар Еуропа Одағына, Орталық Азияға және Ауғаныстанға қатысты негізгі мәселелер бойынша пікір алмасты. Тараптар 2015 жылы наурызда Душанбе қаласында өткен кездесу барысында қол жеткізген келісімдердің іске асыру барысын, сондай-ақ  радикализациялау мен терроризм сияқты салалардағы сын-тегеуріндерді талқылады.

Еуропа Одағының жаңартылған БОМКА және КАДАП өңірлік бағдарламалары шеңберіндегі шекараны басқару мен заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ Еуропалық Одақтың Ауғанстан шекараларын басқару жөніндегі БОМНАФ бағдарламасы шеңберіндегі өзара іс-қимылды күшейтуге ерекше назар аударылды.

ЕО – Орталық Азия форматындағы қауіпсіздік жөніндегі диалог өзара қызығушылық тудыратын саяси және қауіпсіздік мәселелерін талқылауға және оларды шешуге арналған тиімді алаңға айналды. Ауғанстан өкілдерінің отырысқа қатысуы өңірдегі жағдайды мейлінше кең тұрғыда қарастыруға, сондай-ақ Орталық Азия елдеріне, ЕО пен Ауғанстанға осы мемлекеттің одан әрі орнықты дамуы үшін жағдайлар жасау бойынша бірлескен қадамдарды талқылауға мүмкіндік берді.

Іс-шара барысында Р. Василенко «Ауғанстандағы жағдайдың дамуы негізінен Еуропалық Одақ пен өңір бойынша көрші мемлекеттер сияқты мүдделі сыртқы акторлардың елді қайта құру үдерісіне қатысу қызығушылығының деңгейіне тәуелді екеніне сенімдіміз. Біз ү.ж. күзге жоспарланған Ауғанстан бойынша конференцияның қорытындыларын асыға күтудеміз.  Еуропалық Одақ және оған мүше мемлекеттер осы елдің одан әрі дамуына елеулі қаржылық және тәжірибелік үлес қосатынына сенімдіміз» деді.

Диалог қатысушылары өңірдегі көліктік-транзиттік мүмкіндіктерді дамыту мәселелеріне, сондай-ақ «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамудың қазақстандық бағдарламасы, «Жібек жолының экономикалық белдеуі» атты қытайлық бағдарламасы, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автокөлік дәлізі және т.б. сияқты ірі жобалардың үйлесімді толықтыруы мен келешегіне ерекше назар аударды. 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика