Адамзаттық капитал

Жергілікті полиция қызметкерлері Cемейде “Жолда қабылдау” республикалық акциясын өткізді

Семей қалалық жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері мен «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалы бірлесе «Жолда қабылдау» республикалық акциясын өткізді.
Шығыс Қазақстан 19 Мамыр, 12:57

Акцияның негізгі мақсаты құқық қорғау органдары мен өзге де мемлекеттік құрылымдардың имиджін көтеру, сондай-ақ, жол полициясының қызметіне деген қарапайым халықтың сенімін арттыру болып табылады.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері мен партия филиалының өкілдері  Семей-Бородулиха трассасы аумағында көлік жүргізушілерін жол ережесі бойынша мазалап жүрген сұрақтары бойынша қабылдау жүргізіп, заңдылық пен конституциялық құқықтарды сақтау мәселелері бойынша азаматтарға түсінік жұмыстарын жүргізді, деп хабарлады «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық  филиалы.

Сондай-ақ шара барысында көлік жүргізушілері арнайы таратылған сауалнамалар толтырып, жол полициясының жұмысын бағалады. Сауалнамада жол сақшыларының азаматтармен қарым-қатынас кезінде өздерін қалай ұстайтындығы жөніндегі сұрақтар берілген.

Семей қаласында 2016 жыл басынан бері 107 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 17 адам қаза тапса, 121 адам жарақат алған. Оның ішінде 60 жаяу жүргіншіні қағып кету оқиғасы тіркеліп, салдарынан 7 адам қаза тауып, 56 адам жарақаттанған. Жол-көлік оқиғаларына әкеп соққан басты себеп ол жол қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдары.

 

 





Яндекс.Метрика