Халықаралық интеграция

Қазақстандық теміржол техникаларын жасаушылар Тегеранда өз өнімдерін ұсынды

15-18 мамырда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның вице-президенті Берік Камалиев басқарған делегациясы Тегеранда өткізілген IranRailExpo 2016 төртінші халықаралық темір жол көлігі өнеркәсібі көрмесіне қатысты, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Әлемде19 Мамыр , 11:14

Шарада 130 шетелдік және 180 ирандық компаниялар темір жол көлігі өнімдерін ұсынды.

Қазақстандық темір жол көлігін жасаушы «Локомотив құрастыру зауыты» ЖШС, «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС, «Тұлпар-Тальго» ЖШС, «Шығыс маш зауыт», «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС, Ақтөбе рельс арқалығы зауыты, «Астана Дизель Сервис» ЖШС және басқа да өндіріс орындары қатысуда.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ көрме алаңында Иранның өнеркәсіп және сауда министрі Мохаммед Реза Нематзаде, көлік министрі Аббас Ахунди,

Иран темір жолының бас директоры Мохсен Пур Сейед Агаи болды. Иран тарабы қазақстандық өндрісшілердің өнімдеріне қызығушылық танытып отыр.

Қазақстандық делегация халықаралық көрме аясында Иран темір жолының басшысы Мохсен ПурСейед Агаимен, басқа да бірқатар жергілікті компания басшыларымен кездесті.

 




Яндекс.Метрика