Халықаралық интеграция

Қазақстандық делегация Бангкокта ЭСКАТО-ның 72-ші сессиясына қатысты

2016 жылғы 17-19 мамыр аралығында Бангкок қаласында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев бастаған қазақстандық делегациясы Азия мен Тынық мұхит елдеріне арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссияның 72-ші сессиясына қатысты, деп хабарлады СІМ.
Әлемде19 Мамыр , 10:26

Өңірдің 54 мемлекетінің сессияға қатысқан өкілдері 2015 жылы қыркүйекте БҰҰ мемлекет басшылары Нью-Йоркте қабылдаған Орнықты даму мақсаттарын іске асыру аясында өңірдегі экономикалық ынтымақтастықты нығайту, инновациялар және технологиялармен алмасу, климаттың өзгеруі салдарымен күрес мәселелерін қарастырды.

Сессияның бірінші күнінде Е. Ашықбаев жоғары деңгейдегі пленарлық отырыста сөз сөйлеп, Қазақстанның БҰҰ мақсаттарын жүзеге асыру бойынша атқарып жатқан жұмыстарымен делегацияларды таныстырды. Ол «Қазақстан-2050» стратегиясы жаһандық ұйымның индустрияландыру, жаңа технологияларды тарту, жұмыс орындарын ашу мен әлеуметтік даму сияқты басымдылықтарға қол жеткізу бойынша тәжірибелік элементтерден тұратынын атап өтті. Қазақстан көліктік, энергетикалық, азық-түліктік және су салаларындағы ынтымақтастықты нығайта отыра, БҰҰ мақсаттарын өңірлік деңгейде басшылыққа алатыны, Каспий өңірі мен Оңтүстік Азиядағы көпжақты өзара іс-қимылды дамыта отыра Еуразиядағы интеграциялық үдерістерді белсенді қолдайтыны атап өтілді.

«Азия мен Тынық мұхиты елдері үшін «ЭКСПО-2017» тақырыбының жеке маңызы айтылды. Көрме аясында технологиялық алшақтық пен климаттың өзгеруіне жауап қайтару бойынша ірі халықаралық іс-шаралар, оның ішінде Ислам ынтымақтастық ұйымының Ғылым және технологиялар саммитін өткізуі жоспарланғанына назар аударылды», - делінген хабарламада.

2015 жылдың қыркүйек айында өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясы барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев атап өткен және 2045 жылы Ұйымның 100-жылдық мерейтойына әділ мен қауіпсіз әлем тәртібіне қол жеткізуге бағытталған Қазақстанның бастамалары тұрғысында Е. Ашықбаев қатысушыларды «Әлем. XXI ғасыр» манифесінің мазмұнымен таныстырып, көтерілген мәселелердің өзектілігі барлық елдерге қатысты екенін атап өтті.

Қазақсттаның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлану науқаны шеңберінде қазақстандық делегация Филиппиндер, Непал, Маршал аралдары, Кирибати, Самоа және Соломон аралдары өкілдерімен кездесулер өткізді.

 

 




Яндекс.Метрика