Ұлт жоспары 100 нақты қадам

2016-2017 жылдары Астанада Қазақстан елшілерінің 40 брифингі өтеді – СІМ

Сыртқы істер министрлігінде Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады ведомство.
Астана қаласы19 Мамыр , 10:08

Шара барысында Қоғамдық кеңес төрағасы, сенатор Б.Әйтімова болашақта жұмыс үш бағыт бойынша жүргізілетінін айтты: ақпараттық-имидждік, сарапшылық-зерттеу мен қоғам және ҮЕҰ-мен байланыс орнату.  Әрбір бағыт бойынша жұмыс топтары құрылды, олардың отырысы жақын арадағы үш айда өтеді. Өткізілген жұмыстың нәтижесі қыркүйек айында өтетін кезекті Қоғамдық кеңес отырысында көрсетіледі.

«Кеңес азаматтық бастамаларды жүзеге асыратын жаңа көпір болуы керек, сарапшылық-зертеу қоғамы мен академиялық ортамен байланыс орнатуға қолайлы жағдай жасап, азаматтық және дипломатиялық қызметкерлер арасында байланыс құруы керек», - деді Б.Әйтімова.

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов кеңес құрамына ведомствоның ақпараттық-имидждік жұмысындағы әдістерді таныстырды. СІМ бастаған «Жаңа мүмкіндіктер» бағдарламасы аясында 2016-2017 жылдары Астанада елшілердің 40 брифингі өткізіледі.

СІМ сарапшылық-зерттеу жұмысының бағытында бірқатар ірі ғылыми-зерттеу институтының нығаюы қарастырылып отыр.

«Аталмыш әдістер ведомствоның қоғам алдындағы ашықтығын қамтамасыз етеді», - деді министр.

 

 
 
 




Яндекс.Метрика