Евразиялық одақ

ЕЭК және Сингапур Үкіметі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Мәскеуде Еуразия экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде Комиссия мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Әлемде19 Мамыр , 09:51

ЕЭК тарапынан Меморандумға ЕЭК интеграция және макроэкономика бойынша коллегияның мүшесі Татьяна Валова қол қойды. Сингапур Республикасы тарапынан – сол мемлекеттің Сауда және өнеркәсіп министрі Ко По Кун қол қойды, деп ЕЭК хабарлайды.

Меморандумның мақсаты ЕАЭО мен Сингапур арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту, сауда тиімділігін арттыру мен жүзеге асыру.

«Меморандум аясында барлық экономикалық қызмет бойынша кең ынтымақтастық жасау көзделуде. Меморандумға қол қою ынтымақтастықта жаңа есікті ашады; олар жүйелендіріледі»,-деп ЕЭК коллегия төрағасы Тигран Сарксян мәлім етті.

Сондай-ақ, ол өз сөзінде кездесу барысында Тараптар «ЕЭК пен Сингапурдың сауда-экономикалық қарым-қатынастарына мүдделерін айтып өтті. Осы қызығушылықты іске асыру мақсатында жұмыс тобы жасалатын болады».

ЕЭК колегиясының төрағасы Сингапур Республикасының Премьер-министрі Ли Сянь Лун ЕЭК-пен ынтымақтастық жасауға мүдделі болғандарына алғысын білдірді.

Өз кезегінде Сингапур Республикасының Премьер-министрі Ли Сянь Лун қол қойылған құжаттың маңызды болып табылатындығын айтты.

«Біз соңғы он жылда жиналған барлық қарым-қатынасты талқыладық, сонымен бірге Сингапур мен ЕЭк арасындағы ашылмаған мүмкіндіктерді айттық. Өзара түсіністік туралы меморандум Комиссия мен Сингапур арасындағы ынтымақтастықтың  тұрақты нысаны болуға тиіс»,-деді ол.

Сингапур Үкіметінің басшысы ынтымақтастықтың интенсификациясы сауда мен инвестицияны дамытуда жаңа мүмкіндік беретініне сенімін білдірді. Сингапур ЕАЭО нарығына жол алады.

«Сингапур көп елдер ішінде сауда-логистикалық және қаржы түйінінің желісі болып келеді. Біз ЕЭК үшін пайдалы боламыз деп қатты сенеміз. Мен біздің экономиканың қол қойылған Келісімнен үлкен пайда алатынына сенемін»,-деді Ли Сянь Лун.

Айта кетейік, Сингапур Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының негізін қалаушылардың бірі болып табылады және ЕАЭО олармен кешендік түсіністік жасауды жоспарлауда.

ЕЭК және Сингапур Үкіметі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум ЕАЭО құзыретіне тиісті барлық саланы дамытуды қарастырған. Бұл экономикалық интеграция, қаржы нарықтары, көлік, инфрақұрылым, кедендік реттеу және тағы басқалар. 




Яндекс.Метрика