Білім беру

ШҚО-да Аймақтық тестілеу орталығы ашылды

Өскеменде мектеп бітірушілер электронды форматта ҰБТ тапсыра алатынАймақтық тестілеу орталығының ашылуы болды.
Шығыс Қазақстан 19 Мамыр, 09:16

Оны іске қоспас бұрын әлемнің озық тәжірибесі зертелді. Елімізді бірінші рет жаңа орталықта біріңғай ұлттық тест тапсырылады, деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығы.

«Аймақтық тест орталығының ашылуы – бұл өте дұрыс қадам екеніне сенімдімін»,-деді облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омаров.

Оның айтуынша, орталықтың басты міндеті – бұл ҰБТ тапсыратын мектеп бітірушілерге қолайлы жағдай жасау.

«Біз үшін компьютерлік режимде Аймақтық тест орталығының ашылуы – бұл маңызды кезең. Кез-келген жобаның баламасы болуы керек. Менің ойымша, бұл орталықтың жұмысы мектеп оқушыларына Біріңғай ұлттық тестке дайындалуға да көмектесетін болады. Біздің міндетіміз тек мектеп оқушыларына қолайлы жағдай жасау. Жыл бойы осында келіп, алдын-ала тест тапсырып дайындалуға болады. Нәтижесі шыққан кезде қатесін де біле алатын болады. Бұл уақыт үнемдейді»,-деді Ж.Омар.

Айта кету керек, Аймақтық тестілеу орталығы ШҚО білім басқармасы Ұлттық орталығының пилоттық жобасы. 





Яндекс.Метрика