Адами капитал

Қазақстанның әскери ұшқыштарына сыныптық біліктілігі берілді

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов ҚР Қорғаныс министрі бұйрығының талаптарын орындау үшін Әуе қорғанысы күштерінің ұшқыштарына сыныптық біліктілік берді, деп хабарлады ведомстводан.
Казахстан 19 Мамыр, 08:42

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері жауынгерлік оқу мен қызметте өздерінің жетістіктерімен еліміздің қорғаныс қабілеттілігін нығайту ісіне қомақты үлес қосып, мемлекетіміздің егемендігі мен аумақтық бүтіндігін мызғымастай етіп қорғауда»,- деді ҚР ҚК ӘҚК бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов. Әскери ұшқыштардың сыныптық біліктілігі – білімдері мен практикалық машықтарының деңгейіне сәйкес ұшу құрамы даярлығының кәсіби деңгейін, берілген уақытта функционалдық міндеттерінің белгілі бір көлемін шебер және жоғары сапада орындаумен сипатталатын айрықша көрсеткіш екенін айта кетейік. «Бірінші сыныпты әскери ұшқыш» біліктілігі 50185 әскери бөлімінің командирі полковник Ермек Сапаров пен штаб бастығы подполковник Ренат Дәрменовке берілді. «Екінші сыныпты әскери ұшқыш» біліктілігін майор Нұрбол Сапарбаев пен Иван Гаврилкоға берді. Ұшқышқа сыныптық біліктілігін арттыру үшін күндіз және түнде күрделі метеорологиялық жағдайларда белгілі бір сағат санын ұшып өтуі, жауынгерлік қолдануға міндетті санды орындауы қажет. «1-сыныпты ұшқыш» деңгейіне қол жеткізу үшін жылдар бойы ұдайы ұшу қажет. Оқу-жаттықтыру ұшуларынан басқа, базалық әуеайлақтарда, ӘӘК-нің бөлімдерінде жиын даярлығы өткізіледі. Онда әртүрлі бөлімдерден жиналған ұшқыштар авиабазалардың біріне келіп, тәжірибелі нұсқаушы ұшқыштардың жетекшілік етуімен ұшудың анағұрлым күрделі түрлеріне дайындалады. Сонымен, жыл сайын күрделі метеорологиялық жағдайларда ұшуларға екі немесе үш апталық жиындар өткізіледі. Аталмыш жиындар әдетте, күзгі-қысқы және көктемгі-қысқы кезеңдерде өтеді. Бір жыл бойы арнайы тапсырмаларды орындауға дайындық бойынша жиындар өткізіледі. Мәселен, армиялық авиацияның ұшқыштары жоғары биік таулы алаңдарға ұшуға, құрлықтың және судың үстіңгі бетінде іздеу-құтқару жұмыстарына, су ағызу құрылғысымен жұмыс жасау жұмыстарына, өртті сөндіруге қамданады. Жерүсті нысаналар бойынша авиациялық полигондарда оқ атуларды өткізеді. Маңдайшептік авиацияның ұшқыштарымен күндіз-түні әуе межелері бойынша басқарылатын зымырандарды іске қосу бойынша жиындар өткізіледі. Аталған жиындарда дайындықтан бөлек, әртүрлі ұшу тапсырмаларын орындаудың, тәжірибе алмасудың бірыңғай әдістемесінің әзірленуі жүзеге асырылады.





Яндекс.Метрика