Евразиялық одақ

ЕЭК БРЫ-на мониторинг жүргізу Комиссиясының жыл сайынғы есебін мақұлдады

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысында ЕЭК-ң бағаны реттеу ықпалына мониторинг жүргізу Комиссиясының жыл сайынғы есебін мақұлданды.
Әлемде18 Мамыр , 20:27

Есеп 2015-ші жылғы ЕЭК-ң жобалардың бағасына реттеу жасау ықпалының шешімі негізінде дайындалған, деп хабарлайды комиссияның баспасөз қызметі.

ЕЭК-ң экономика және қаржылық саясат жөніндегі Министрі Тимур Сүлейменовтың атап өтуінше, «комиссия тараптар қолдануға міндетті шешім қабылдайтын жоғарғы ұлттық орган және болып есептеледі және оларды реттеуші болып табылады. Осы құқықпен бірге бізде бағаны реттеу әрекеттерін жүргізу міндеттері де болуы керек. Әңгіме комиссия шараларының бизнес мүддесінің шамаластығында болып тұр. Өткен жылдан бері осындай тетік ЕЭК-де қолданылып келеді. Бұл тетіктің қызметі вице-премьерлердің төрелігіне ұсынылған, енді премьерлерге ұсынылатын болады».

ЕЭК Кеңесінің отырысында сонымен қатар, ұжымдық негізде авторлық және сабақтас құқықтық басқарма тәртібі туралы Келісім жобасы мақұлданды. Бұл жерде әңгіме ұжымдық басқарманың авторлық және сабақтас құқық бойынша ұйымдардың қызметін реттеу қағидаты туралы болып отыр.

Құжат Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінде ұжымдық басқару құқығындағы авторлық және сабақтас құқық тәртібін мақсатты жасап шығуға бағытталған. 




Яндекс.Метрика