Инновациялар

Астанада Ұлттық ядролық орталығының жас ғалымдары мен мамандарының байқауы өтті (ФОТО)

2016 жылғы 18-20 мамырда ҚР Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК (ҚР ҰЯО) XV жас ғалымдары мен мамандарының ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының конференция-конкурсы өтуде, деп хабарлады ҚР ЭМ Баспасөз қызметі.
Астана қаласы 18 Мамыр, 19:31

Конференция-конкурсқа дәстүрлі түрде Ұлттық ядролық орталығының қызметі (іргелі, қолданбалы, инженерлік-техникалық) тақырыбы бойынша жұмыстармен

35 жасқа дейінгі ҚР ҰЯО филиалдарының қызметкерлері, сонымен қатар «Геофизикалық зерттеулер институты» РМК (ГЗИ) және «Ядролық физика институты» РМК (ЯФИ) қызметкерлері қатысады.

Конкурстың мақсаты – ғылыми ақпараттармен алмасуды арттыру, ғылыми дискуссиялардың нәтижелерін баяндау және жүргізу дағдыларын үйрену, жас мамандардың кәсіби дағдылары мен шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту, атом ғылымы және техникалардың өзекті проблемалары бойынша теориялық және тәжірибелік білім деңгейін арттыру жолымен жас ғалымдар мен мамандары жұмыстарының тиімділігін арттыру.

2016 жылы конференция-конкурс өзінің 15 жылдығын тойлауда. Конференция мерейтойына қатысушылардың рекордтық санын жинады – конкурсқа қатысуға

70 өтінім келіп түсті, 3 – ЯФИ, 13 – ГЗИ, 21 – ҚР ҰЯО Атом энергиясы институты, 26 – ҚР ҰЯО Радиациялық қауіпсіздік және экология институты, конкурстан тыс 7 жұмыс (3 – іргелі, 51 – қолданбалы, 16 – инженерлік-техникалық).

Жеңімпаздарды ғылыми дәрежелері бар ҚР ҰЯО аға ұрпақ ғалымдары кіретін құзыретті жюри анықтайды. Жеңімпаздарды анықтау келесі критерийлердің әрбір 5-балдық жүйе бойынша жүргізіледі: өзектілігі, тәжірибелік маңыздылығы (проблеманың маңыздылығы үшін арналған жұмыс), деңгейі – ғылыми, инженерлік, нәтиженің жаңашылдығы, жұмыстың аяқталған деңгейі, конкурсанттың қосқан жеке үлесі, материалдардың мазмұндық стилі және игеру деңгейі.

Жұмыс бағытының ерекшелігін ескеріп, бағалаудың қосымша критерийлері:іргелі - жариялау деңгейі; инженерлік-техникалық – техникалық шешімдерді бағалау; қолданбалы - бәсекеге қабілеттілік.

Жұмыстың максималдық бағасы 35 балл. Жеңімпаз барлық жюри мүшелерінің қойған баллдарды қосу нәтижесінде жиналған ең жоғары балл саны бойынша анықталады.

Талаптарға сәйкес рәсімделген баяндамаларды «Вестник НЯЦ РК» журналында жариялау үшін ұсынуға болады.

Конференция көпшілікке танымал болды, бұл туралы ұсынылған жұмыс тақырыптарының жаңа ағымы қосылған «конкурстан тыс» немесе қонақтар деп аталатын Қазақстанның ЖОО және ғылыми-зерттеу ұйымдары қатысушыларынан түскен өтінімдер куә болады.

Конкурс жас ғалымдар мен мамандардың ғылыми өсуі үшін жақсы бастапқы орын болып табылады, бастапқыда конкурсқа қатысқан қатысушылар қазіргі кезде зертханаларды, бөлімдерді басқаруда, ғылыми бағыттардың басшылары, олардың көбісі ғылым кандидаты, PhD дәрежесін алды және олар қазіргі қатысушылардың ғылыми жетекшілері болып табылады.

 





Яндекс.Метрика