Халықаралық интеграция

Астанада Тұңғыш Президент қоры мен «Исаакиевский собор» музейі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды (ФОТО)

Астанда ҚР Тұңғыш Президенті қоры мен «Исаакиевский собор» Мемлекеттік музей-ескерткіші арасында серіктестік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Астана қаласы 18 Мамыр, 18:03

Бүгін «Назарбаев орталық» ҚР Тұңғыш президентінің қоры – Ұлт көшбасшысы Ақмола облысы мен Астананың балалар үйінде тәрбиеленушілер мен мүмкіндігі шектеулі балалар арасында, сондай-ақ музыка мектеп-интернатының оқушылары алдында алғаш рет Смольный соборының  Камералық хоры көрінісін қойды. Концертпен қатар, қонақтарға «Петербург глазами Ангелов: взгляд с Исаакия» атты фотокөрме ұсынылды. Сонымен қатар, сапар аясында ҚР Тұңғыш Президенті қоры мен «Исаакиевский собор» Мемлекеттік музей-ескерткіші арасында серіктестік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

ҚР Тұңғыш Президенті қорының атқарушы директоры Сағындық Нұраханов айтып өткендей, аталмыш кездесу екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақсарта түседі.

«Бүгін біз ҚР Тұңғыш Президенті қоры мен «Исаакиевский собор» Мемлекеттік музей-ескерткішімен бірге әзірленген жобаны таныстырмақпыз. «Диалог посредством культуры» атты біздің жобамыз елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынасты орнатуға септігін тигізеді. Меморандум арқасында Тұңғыш Президент қоры мәдениет, өнер, тарих, шеберлік сабақтары бойынша халықаралық сарапшыларды жұмылдыруға септік болады»,-деді ол.

Өз кезегінде Мемлекеттік музей-ескерткішінің директоры Николай Буров Астана мен Санкт-Петербургте ынтымақтастық бойынша үлкен жоспардың бар екендігін, оның ішінде мәдениет саласы бойынша екендігін атап өтті.

«Санкт-Петербургте Қазақстанға үлкен қызығушылықпен қарайды және бірінші кезекте Астана қаласына. Астана- әлдебір қала. 20 жыл бұруын туған қаланың күн сайын өсіп, өркендегеніне сену қиын. Астана мен Санкт-Петербург арасында түрлі сала бойынша әртүрлі жоспар бар. Ол үшін біз серіктестік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық»,-деді ол.

Ботагөз Айтжанова

Суретке түсірген Азамат Алиев





Яндекс.Метрика