ҚР Қорғаныс министрлігінің Ақмола облысы Щучинск қаласындағы ЦСКА оқу-жаттығу орталығында әскери-қолданбалы спорт түрінен әскерге дейінгі жастар арасында республикалық чемпионат өтті.
Чемпионатқа Қазақстанның әскери-патриоттық клубтарының мықты командалары жиналды. Ақмола облысының намысын кезекті рет Бурабай ауданының «Намыс» әскери-патриоттық клубына қорғауға тура келді.
Олар жекелеген әскери-қолданбалы спорт түрлерінен сайысты – шағын калибрлі мылтықпен ату турнирі, әскериленген кросс бойынша және түрлі кедергілерден өту мен жетісайыс бойынша күш сынасты.
Балалар екі жас тобы бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Төмен жастағылар 14 – 15 жастағыла және жасы үлкендері 16-17 жаста.