Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Жамбыл облысында өндірілген мақсары майы Голландия мен Бельгияға экспортталуда

Жамбыл облысында мақсарыдан жоғары сапалы май өндірілуде. Табиғи таза өнім Голландия, Бельгия мен Қытайға экспортталуда, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Жамбыл18 Мамыр , 17:04

Агроөнеркәсіп саласында табысты жұмыс істеп жатқан кәсіпорын-Қазақстан мен Иранның бірлескен жобасы.  Май зауыты Шу ауданының Бірлік ауылында орналасқан.

"KazIrAgro" компаниясы 2011 жылы сафлор майын шығару үшін Германияда шығарылған жоғары технологиялық қондырғылармен жабдықталған.

Май өндіретін зауыттың аумағы шамамен 8 гектар құрайды.  Кәсіпорынның өз май цехі бар, астық және майлы дақылдарды өңдеуге және сақтауға арналған астық қабылдау пунктімен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасымен жабдықталған.

Зауыттың қуаттылығы тәулігіне 3000 литр май өндіру. Тұрақты жұмыс орындарымен 40 адам қамтамасыз етілген. Жұмысшылар арнайы курстардан өткен,  күрделі техниканы оңай басқара алады.

Сондай- ақ, кәсіпорын басшылығы қайырымдылықпен белсенді түрде айналысып, аудандағы түрлі іс-шаралар акцияларына демеушілік көрсетеді.

Бүгінгі күні сафлор, арпа, бидай және рапс 3,5 мың гектар жерде өсіріледі. Ағымдағы жылы майлы  дақылдарға арналған егістік алқаптарын 1,5 мың гектарға дейін  ұлғайтқан компания жыл өткен сайын өнім көлемін де арттыруды жоспарлауда. Экспорт көлемінің ұлғаюы зауыт өндіріс көлемін көбейтуге мүмкіндік береді.  Экологиялық таза өнім Голландия және Бельгияға жіберіледі.  Өнімнің басты бөлігі бөлігі Қытай халық республикасына экспортталады.

Сондай-ақ тауар  қажетті талаптарға сай сертификаттармен сәйкестендірілген, санитарлық-гигиеналық қорытындысымен расталған.

Мақсары  майының жеңіл майсыз текстурасы теріге тез сіңеді. Оның  қоректендіргіш қасиеттерін зәйтүн майымен салыстыруға болады.




Яндекс.Метрика