Адами капитал

1700 мүгедек кәсіпкерге жыл басынан бері бизнесті дамытуда қолдау көрсетілді – «Даму» қоры

2016 жылдың басынан бері 1700 мүгедек кәсіпкерге жыл басынан бері бизнесті дамытуда қолдау көрсетілді, деді «Даму» АҚ басқармасының мүшесі – атқарушы директоры Ғабит Лесбеков ОКҚ брифингінде.
Астана қаласы18 Мамыр , 13:23

«Біз әлеуметтік бағыт бойынша жұмысты жалғастырып жатырмыз. «Даму-Көмек» бағдарламасы нәтижесінде мүмкіндігі шектаулі азаматтарға көмек көрсетуде. Осы жылы олардан түскен өтініш саны өсті. Қазіргі таңда 2048 өтініш келіп түскен. Оның 1693-і біздің бағдарлама бойынша демеушілік көмекке ие болды», - деді ол.

Сондай-ақ, «Жаңа бизнес ашуды қолдау» жобасы бойынша 697 адам оқытылды. «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» жобасы бойынша 528 адам оқытылды. Олар бұдан әрі Қордың КҚКО жанында бизнес-жоспар жасауда кеңес алып, тәлімгерлік қолдау көреді.

«2016 жылдың 4 айы ішінде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталықтары (КҚКО) 30 511 клиентті қабылдаған. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 55%-ға артық (19 630 клиент). 2016 жылдың 4 айы ішінде 47 697 қызмет көрсетілген. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 51,8%-ға артық (31 420 қызмет)», - деді ол.

2016 жылдың 4 айы ішінде Кәсіпкерлерді қолдаудың жылжымалы орталықтары (КҚЖО) 3 252 клиентті қабылдаған.  Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 67,8%-ға артық (1 937 клиент). 2016 жылдың 4 айы ішінде 4 185 қызмет көрсетілген. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 72,9%-ға артық (2 420 қызмет).

«2015 жылы «Даму» Қорының қолдауын көрген кәсіпкерлер 2,1 трлн теңгенің өнімін шығарған.2015 жылы  Даму» Қорының қолдауын көрген кәсіпкерлер 160 млрд теңге салық төлеген. 2015 жылы  Даму» Қорының қолдауын көрген кәсіпкерлер 25,9 мың жұмыс орнын құрған. Бұл  -Ақтөбе облысы Хромтау қаласы халқының санымен қарайлас (25,5 мың адам)», - деді ол.

 




Яндекс.Метрика