Инвестициялар

2016 жылдан 2018 жылға дейін «Даму» қоры ХҚҰ-дан 250 млрд теңге тартуды жоспарлауда

2016 жылдан 2018 жылға дейін «Даму» қоры ХҚҰ-дан 250 млрд теңге тартуды жоспарлауда, деді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ Басқарма төрағасы Қаныш Төлеушин ОКҚ брифингінде.
Астана қаласы18 Мамыр , 13:14

«2016 жылы «Даму» Қоры Халықаралық қаржы ұйымдарынан (ХҚҰ) жеңілдікпен қаражат тартуды жалғастырады. 2011-2015 жылдар аралығында Азия даму банкі мен Еуропа қайта құру және даму банкінен 134,4 млрд теңге тартылған болатын», - деді ол.

Нәтижесінде 1 924 кәсіпкер ХҚҰ берген жалпы сомасы 132,5 млрд теңге несиені жылына 13,4 % сыйақы мөлшерлемемен алды.  

«2016-2018 жылдар аралығында Қор  Азия даму банкі мен Еуропа қайта құру және даму банкінен 252,5 млрд теңге тартпақ», - деді Қ.Тілеушин.

 Кәсіпкерлер жеңіл әрі тиімді сыйақы мөлшерлемесімен, ұзақ уақытқа, ұлттық валюта - теңгемен несие ала алады.

Ботагөз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика