Адамзаттық капитал

700-ге жуық адам Қазақстанда жаңа бизнесті ашу бойынша оқытудан өтті

Қазақстанда 2016 жылдың басынан бастап «Жаңа ашылған бизнеске қолдау көрсету» жобасы аясында оқытудан 692 адам өтті, деп «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма мүшесінің-басқарма директоры Ғабит Лесбеков ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында мәлім етті.
Астана қаласы18 Мамыр , 13:02

«Өткен жылы біз көлемді және кеңестік оқытудан мекен-жайлық оқытуға көштік, санынан сапасына. «Даму» қорының кәсіпкерлікті қолдау бойынша бірыңғай бағдарламасы қабылданды және осы жылы сол жобаларды іске асыра бастадық»,-деді ол.

Г.Лесбеков өз сөзінде оқытудың бірінші бағыты бойынша – Қазақстанда жаңа бизнесті ашу бойынша жоба – барлық облыстарда Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына  адамдар өз идеяларымен  келуде.

«Бұл адамдар кәсіпкер болғылары келді. Олар тиісті оқытудан өтуде. Оқытудан кейін міндетті түрді консультациялық сүйемелдеу болады, оның барлығы грант,3 несие түрінде қаржылық көмек алуда нақты бизнес-жоспарды жасай алуға бағытталған. Осы жылдың басынан бастап аталмыш бағыт бойынша іске асыру жұмыстары қарқынмен жүре бастады. 692 жаңа бастама алған кәсіпкерлер бізге келіп, оқытудан өтті. Олардың ішінде 410 нақты консультациялық сүйемелдеме алды және 19-ы өз бизнестерін ашты. Олардың ішінде 15 кәсіпкер  нақты қаржылық көмекке жүгіне алды»,- деді ол.

Оның айтуы бойынша, қазіргі уақытта жас студенттерді қолдау мен оқытуда жұмыс жалғасын табуда.

«Негізгі ЖОО аясында студенттік жастарды қолдауды жоспарлаудамыз. Аталмыш жоба бойынша 528 студент нақты оқытудан өтті. Олар алдағы консультациялық сүйемелдеуді күтуде»,-деді Г. Лесбеков.




Яндекс.Метрика