Халықаралық интеграция

ТМД-да Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту жұмысының жоспары бекітілді

18-19 мамыр күндері Тбилисиде Достастыққа қатысушы елдердің 64 отырысы өткізілуде, деп хабарлады «ҚТЖ» АҚ.
Әлемде18 Мамыр , 14:48

Аталған шара аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Маминнің төрағалығымен Транскаспий халықаралық көлік дәлізін (ТХКД) дамтудағы Үйлестіру комитетінің кезекті отырысы өтті.

А. Мамин өз сөзінде ТХКД бәсекелестікке сай дамытудың маңызы зор екендігін оның Еуразия құрлығындағы болашағы зор бағдар бола алатындығын атап өтті.

«Үйлестіру комитеті құрылғалы бері тиімді тариф саясатын жасау, жүктерді тасымалдаудың бірыңғай технологиясын өндіріске енгізу, бірлескен ықпалдасқан логистикалық Nomad Express өнімін қалыптастыру, алғашқы контейнерлік пойызды жіберу, Транскаспий халықаралық көлік концорциумын құру бойынша қыруар істер атқарылды. Транскаспий дәлізіне қатысушы мемлекеттердің қатары көбейді. Бүгінде Комитетте теміржол, теңіз, порт әкімшіліктері, Қазақстан, Қытай, Әзірбайджан, Грузия, Турция, Украина мен Румыния сияқты мемлекеттердің логистикалық компаниялары бар»,-деп атап өтті А. Мамин.

Отырыс барысында ТХКД аумағында контейнерлік, вагондар, контрейлерлік тасымалдаудың бәсекелестікке сай мөлшерлемесін бекіту жайы да қарастырылды.

ТХКД Үйлестіру комитетінің жұмысын тұрақты атқару үшін оның Үйлестіру комитетінің тұрақты штаб пәтерін Астанада ашуға ұағдаласты.

Транкаспий халықаралық көлік концорциумының жұмыс кестесі бекітілді.

Аталмыш бағдар Қытайдан Қазақстан арқылы Каспий теңізі, Әзербайжан, Грузия, Түркия арқылы әрі қарай Еуропаға тартылады.

ТХКД еуразиялық құрлықтағы контейнерлік тасымалдау әлеуетін дамыту арқылы сауда қатынасының өрістеуіне жол ашады.

Отырыс барысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин бірауыздан Транскаспий халықаралық көлік дәлізі (ТХКД) Үйлестіру комитетінің төрағасы болып сайланды.

 

 




Яндекс.Метрика