Инвестициялар

Қ.Төлеушин: «Даму» қоры қолдау білдірген кәсіпорындардың 2015-ші жылғы салығы 160 млрд. теңгені құрады

«Даму» қоры қолдау білдірген кәсіпорындардың 2015-ші жылғы салығы 160 млрд. теңгені құрады, деп хабарлады «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры АҚ-ң басқарма төрағасы Қаныш Төлеушин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.
Астана қаласы18 Мамыр , 12:34

«Егер 2016-шы жылдың 1-ші тоқсанындағы қыржылық-шаруашылық қызметтің нәтижесіне қарайтын болсақ, онда біл баламалы өсім өсімге қол жеткізіп отырмыз. Егер, активтердің өсіміне қарасақ, 2016-шы жылдың 1-ші сәуірінде 58%. Кіріс бойынша бізде екі еседен артық табыс бар. Жеке капитал - 17% және жекеменшік кіріс – екі еседен артық», - деп ақпараттандырды Қ.Төлеушин.

2015-ші жылы қордың қолдау көрсетуімен кәсіпорындар шығарған өнім 2,1 трлн. теңгені құраған.

«Егер Алматы мен Маңғыстау сияқты облыстардың жалпы аймақтық өнімін салыстырмалы түрде қарайтын бюолсақ, бұл өте жақсы көрсеткіш. Кәсіпорындардың 2015-ші жылғы салығы 160 млрд. теңгені құрады. Егер тағы салыстыратын болсақ, бұл Қызылорда немесе Маңғыстау облыстарының бюджетімен бірдей. 2015-ші жылы біз 25 мың жұмыс орынын қолдап, сақтап қалдық. Бұл салыстырмалы түрде алатын болсаңыз Ақтөбе облысы Хромтау қаласының халқымен тең»,-деді Қ.Төлеушин.

Ботагоз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика