Инвестициялар

2016 жылдың 4 ай ішінде «Даму» қоры шамамен 80 млрд теңгенің мыңнан астам жобасын қолдады

2016 жылдың 4 ай ішінде 79,9 млд теңгенің 1140 жобасына қолдау көрсеттік, деп Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқармасының Төрағасы Қаныш Түлеушин ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында айтты.
Астана қаласы18 Мамыр , 11:46

«Даму» қоры қаржылық және қаржылық емес бағытында жұмыс істейді. Бірінші бағыт аясында несиелер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау,  кейіннен бизнесті несиелеу мақсатында  екінші деңгейлік банкке кепілді қаражатты орналастыру. 2016 жылдың 4 ай ішінде біз 35,7 пайызға өстік. Жобаларға қолдау көрсету бойынша, біз 79,9 млрд теңгенің  1140 жобасына қолдау жасадық»,-деді ол.

Сонымен қатар, құрал аясында – жобаның санына орай, пайыздық ставкалардың субсидиялануы 29, 4% өсуді байқатты.  

«Біз 550 жобаны қолдаумен қамтамасыз еттік, ал өткен жылы 425 жобаға қолдау жасалған болатын. Егер кепілдемелік несие туралы айтатын болсақ, ол кепілдік қамтамасыздықты сезінетін кәсіпкерлерге арналған өзекті құрал. Сонымен қатар, өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 74,8 пайызға өскені байқалады. ШОБ субъектілерінің қаржылық емес қолдауын қарастырғанда, бұл жерде айта кетейін дегенім, бізде 16 филиал және 18 кәсіпкердерді қабылдау орталығы бар. Жалпы, 2016 жылдың осы кезеңдеріндегі көрсеткіші бойынша барлық бағыттар бойынша 50 пайыз өскендігін көрсетеді»,-деп толықтырды ол.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика