Халықаралық интеграция

Мадридте қазақстандық-испандық сыртықы істер министрліктері арасындағы кеңес өтті

Қазақстандық делегацияны ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Анарбек Қарашев бастап барды. Испандық тарапты Испания Корольдігінің Сыртқы істер министрлігі және ынтымақтастық қызметінің сыртқы саясат бойынша Бас директоры Энрике Руис Молеро басқарды, деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосы.
Әлемде18 Мамыр , 12:18

Мадридтегі сыртқы істер минситрліктері арасындағы кеңестегі күн тәртібінің тақырыбы дипломатиялық кадрларды дайындау, біліктіліктерін арттыру, ротациялар мен екі елдің сыртқы саясат ведомстволарының және шекара сыртындағы мекемеде қызметі істеулеріне дайындау болды.

Ондағы тараптардың келіссөздерінде Қазақстан мен Испания дипломатиялық қызметінің  заңдық, құқықтық ерекшеліктеріне байланысты ұйымдастыру негізіне баса мән берілді.

Келіссөз қорытындысы бойынша тараптар екі жақтың өзара қызығушылығын тудыратын түрлі мәселелер бойынша сыртқы істер министрліктері кеңесінің тәжірибесін одан әрі жалғастыруға келісті.

Испания Еурпадағы Қазақстанның ең негізгі саяси серіктестерінің бірі болып есептеледі. Ол Қазақстан стратегиялық серіктес туралы келісімге қол қойған еуропадағы екінші ел. 




Яндекс.Метрика