Парламент

Мәжіліс депутат Р. Склярдың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

ҚР Парламент мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Мәжіліс Парламентінің төрағасы Бақтықоджа Ізмұхамбетов ҚР Мәжіліс Парламентінің ҚР Мәжіліс Парламентінің депуаты Р. Склярдың ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалуына байланысты өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулысын ұсынды.
Астана қаласы18 Мамыр , 10:39

«ҚР Конституциясының 52-бабының 5-тармағына және 57-бабының 4 тармағына сәйкес ҚР Мәжілісі қаулы шығарады: ҚР Мәжіліс парламентінің депутаты Скляр роман Василевичтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтау»,-деді Б.Ізмұхамбетов.

Өз кезегінде Р.Скляр Президентке және бұрынғы ұжымына алғысын білдірді.

«Өз құрметімді «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Назарбаевқа айтқым келеді, сондай-ақ ұжымыма да алғысым шексіз, құрметті депутаттар, Б.Ізмұхамбетов тұлғасындағы Палатаның басшылары, сіздердің жұмыс тәжірибелеріңізді бөлек айтып өткім келеді және сіздер берген қолдауларыңызға рахмет. Мен, барлық алтыншы шақырылымның Мәжіліс Парламентінің депутаттары алдағы уақытта Ұлт көшбасшысы қойған тапсырмаларды ойдағыдай орындайтынына сенемін»,-деді ол.

Естерінізге сала кетейік, ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев министрікке жаңа вице-министр Роман Склярды таныстырды.

Роман Скляр Павлодар монтаж техникумын, Павлодар мемлекеттік университетін, Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген. Ол әр жылдары Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы, аппарат басшысы, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, Астана қаласындағы энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры, Павлодар облысы әкімнің орынбасары, бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар вице-министрі, «Қазақстан Темір жолы» ҰҚ» АҚ вице-президенті қызметтерін атқарған.

2016 жылғы наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы болып қызмет етіп келді.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика