Өңірлер

Павлодар облысында 8 мың адамды «Жасыл ел» қатарына жұмысқа орналастыру қарастырылған

Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Болат Бақауовтың басшылығымен кезекті аппарат кеңесі өтті. Кеңес барысында коммуналдық меншікті басқару саласының ағымдағы жағдайы мен проблемалары талқыланды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Павлодар18 Мамыр , 15:21

Облыстық қаржы басқармасының м.а. Сұлтанаова Сәуленің хабарлауынша 2016 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Мемлекеттік мүлік реестрінде 1397 облыстық коммуналды меншіктегі заңды тұлға бар. Олардың ішінде 202 заңды тұлға облыс меншігіне қарасты, 1195 заңды тұлға - қалалар мен аудандардың меншігінде.

 2015 жылдың қорытындысы бойынша облыстың коммуналды меншігіндегі шаруашылық жүргізу құқығындағы КМК, АҚ және ЖШС-ің 79-ы жалпы сомасы 105 млн. теңге пайда түсірсе, 24 кәсіпорын 336,7 млн. теңге шығынға ұшыраған.

Осыған байланысты аймақ басшысы Болат Бақауов қалалар мен аудандардың әкімдеріне, облыстық басқармалардың басшыларына шығынды кәсіпорындарды пайда әкелетін қызмет деңгейіне көтеру немесе оларды бәсекелстік ортаға – жекешелендіруге немесе сенімгерлікпен басқаруға беру бойынша белсенді шаралар қабылдауды тапсырды.

Сонымен бірге, әкім облыстық қаржы басқармасының басшылғына кәсіпорындардың жұмысының тиімділігіне мониторинг жүргізіп, оларды жою, банкротқа ұшырау немесе сауықтыру бойынша  қалалар мен аудандардың әкімдерімен бірлескен іс-қимыл алгоритмін құруды тапсырды.

Сондай-ақ, облыстық қаржы басқармасы басшысының м.а. Сәуле Сұлтанова қазіргі кезде «Павлодарвокзалсервис» ЖШС-ін, Арнайы ХҚКО-н, Павлодар қаласындағы 100 орындық перинаталды орталықтың жаңа корпусын және Баянауыл ауданындағы «Құрылыс» КМК-ын республикалық меншікке аудару үрдісі аяқталмай жатқанын айтты. Бұл мәселе бойынша әкім тиісті органдарға жағдайды бақылауға алып, рәсімдеу жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды.   

Мәселені қарау қорытындысы бойынша аймақ басшысы облыстық қаржы басқармасына облыстың коммуналды меншігіндегі нысандардың инвентаризациясын жүргізу; қалалар мен аудандардың әкімдеріне мемлекеттік коммуналды меншікті пайдаланғаны үшін алынатын жалгерлік төлемдердің бюджетке толық түсуін қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді.

Аппарат кеңесінде «Жасыл ел» еңбек семестріне дайындық, студенттік құрылыс отрядтары және көктемгі егіс жұмыстарының барысы да талқыланды.

Облыстың жастар саясаты мәселелері  жөніндегі басқармасының басшысы Наталья Нефедованың хабарлауынша биылғы жылы жауынгер-студенттердің санын 35 пайызға арттыру көзделген. Сондай-ақ, екі мың студент жастар мен алты мың оқушыларды 13 бағыт бойынша жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр.   

Мәселені талқылап болған соң, аймақ басшысы жастар саясаты жөніндегі басқарма басшылығына, қалалар мен аудандардың әкімдеріне «Жасыл ел» жауынгерлері мен студенттік құрылыс отрядтарын жұмыспен қамту және олардың жалақысын уақытында төлеу мәселесін бақылауға алуды тапсырды.

Сонымен бірге, облыс әкімі Болат Бқауов барлық қалалар мен аудандардың әкімдеріне көктемгі егіс жұмыстарын ауылшаруашылық дақылдарын егуге тиімді мерзімде жүргізу қажеттігін атап өтті. Бұл тапсырманың орындалуы облыс әкімінің орынбасары Б. Қасеновке жүктелді.

 
 
 




Яндекс.Метрика