Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ саласына шетелдік инвестициялардың тікелей келуі артты - KAZNEX INVEST

Шетелдік инвестициялардың индустрияландыру бағдарламасына тікелей келуі байқалады. Инвестиция мұнай өнімдерін өңдеу саласында 81%-ға артып отыр. Машина жасауда 7 есе, азық-түлік пен сусындарда 30%-ға артқан. Бұл туралы «KAZNEX INVEST» АҚ-ң инвестициялық қызмет блогы мәселелері бойынша басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Қарманов журналистерге берген сұқбатында айтты.
Астана қаласы18 Мамыр , 09:53

«Капиталдың дамыған нарыққа қайтарылу нәтижесінде елден шетелдік инвестицияның сыртқа кері кетуі байқалды. Қай салаларда инвестиция құлдырауы болғанын біз көре аламыз. Негізінен тау-кен өндірісініде 58%-ға, шикі мұнай алуда  62%-ға және саудада 47%-ға төмендеген. Бірақ, бұл тек қазақстандық дағдарыс емес, бұл мұнайлы экономика елдерінің бәріне қатысты. Солардың қатарында көшпелі экономикасымен ТМД елдері де бар»,-деді Қ.Қарманов.

Тау-кен өнеркәсібіндегі тікелей шетелдік инвестицияның 58%-ға төмендеуі және өңдеу саласында 30%-ға төмендеуі сонша айтарлықтай мәселе емес.

«Дегенмен, біз сөз етіп отырған салалар индустрияландыру бағдарламасы аясында өсіп келеді. Мысалы, тікелей шетелдік инвестиция мұнай өнімдерін өңдеу саласында 81%-ға артып отыр. Машина жасауда 7 есе, азық-түлік пен сусындарда 30%-ға артқан»,-деді «KAZNEX INVEST» өкілі.

Ботагоз Айтжанова




Яндекс.Метрика