Ұлтаралық бірлік

Е.Сұлтанов: Елдің басты құндылығы – бейбітшілік пен келісім

Облыс орталығында Солтүстiк Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының 21-шi сессиясы өттi. Петропавлда барлық аудандардан келген түрлi диаспора өкiлдерi жиналды. Кездесудiң басты тақырыбы — Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХА-ның 24-шi сессиясында жүктеген тапсырмалардың жүзеге асырылуы мен алдағы уақытқа арналған мақсаттар болды.
Солтүстік Қазақстан18 Мамыр , 12:03

Кездесуде өңiр басшысы елiмiздiң басты құндылықтары — бейбiтшiлiк пен келiсiм екенiн атап өттi.

«Мiне 20 жылдан астам уақыттан берi Қазақстан халқы ассамблеясы елiмiздегi татулық пен тұрақтылықтың берiк iргесiне айналып отыр. Ол көптеген ұлттар мен ұлыстардың тiлiн, мәдениетiн дамытуға арналған қасиеттi орда. Бүгiнде СҚО-да 90 этнос өкiлдерi тұрады, 24 облыстық және 154 аудандық этномәдени бiрлестiктерi жұмыс iстейдi, 3 бейбiтшiлiк пен келiсiм орталығы мен 20 этноклуб ашылды», — дедi Ерiк Хамзаұлы.

Кездесуде сәуiр айында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 24-шi сессиясы туралы сөз қозғалды. Ол жиынға елiмiздiң барлық өңiрлерiнен этномәдени бiрлестiктердiң өкiлдерi жиналған. Бiздiң облысымыздан барған делегация құрамы ең көп болды.

«Үстiмiздегi жылы «100 нақты қадам» ұлт жоспары аясында iске қосылған «Үлкен ел-үлкен отбасы» атты ауқымды жалпыұлттық жоба жалғасады. Осыған байланысты 284 iс-шара өткiзiлiп, 200 мыңнан астам адам қатысқан болатын. Республикалық «Қайырымдылық керуенi» акциясы жалғасып жатыр», — дедi облыстық Қаазқстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушiсi Наиль Салимов.

Облыстық ассамблеясының сессиясы қатысушылары басқа елдерге үлгi болған бұл институттың рөлiн ереше атап өттi. Омбы қаласындағы Мөлдiр» сiбiр-қазақ мәдени орталығының басшысы Алтынай Жүнiсова мемлекет тарапынан этномәдени бiрлестiктерге көрсетiлетiн қолдау туралы хабардар еттi.

Кейiн 21-шi сессия қатысушыларының үндеуi жарияланып, облыстық ҚХА төрағасырның орынбасары таңдалды. Бұл лауазымды — «Кентрон» армян мәдени орталығының төрағасы- Геворк Геворкян атқаратын болады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесiнiң шешiмiне сәйкес ел бiрлiгiн нығайтуға, мәдениетаралық диалогты дамытуға және қазақстандық патриотизмдi қалыптастыруға қосқан елеулi үлесi үшiн «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бiрлiк» алтын медалi» қоғамдық медалiмен Солтүстiк Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ардагерi Сайдаш Гайсин мен Солтүстiк Қазақстан облысының ««Свiтанок» украин мәдениетi орталығы» қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы Александр Плотко марапатталды. Сондай-ақ, тағы да бес солтүстiкқазақстандық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы, Қазақстан Республикасының Президентiнiң қолы қойылған Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттармен марапатталды. 4 азамат Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң алғыс хаттарымен марапатталды.




Дерекнама

Яндекс.Метрика