Халықаралық интеграция

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері Румыния астанасында таныстырылды

Бухарестте Қазақстанның Елшісі Қазақстан-румын екі жақты сауда-өнеркәсіптік палатасымен Румынияның сауда-өнеркәсіптік палатасының көмегімен «Қазақсатандағы бизнес мүмкіндіктер, инвестиция және серіктестік» атты конференцияны ұйымдастырды, деп ҚР СІМ хабарлайды.
Әлемде18 Мамыр , 10:31

Шараға румыниялық 30-дан астам компания, экономиканың басым секторларында жұмыс істейтіндер, сонымен қатар мемлекеттік мекеменің өкілдері, аймақтық сауда-өнеркәсіптік палата және іскерлік ассоциация қатысты.

«KAZNEX INVEST» АҚ Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінің басқарушы директоры Ерлан Мұратов румыниялық іскерлік топты Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырды. ҚР Үкіметі индустриализация бағдарламасын 6 басым салада іске асыруда: химия, мұнай химия, құрылыс материалдарын өндіру, көлік жасау, металлургия, азық-түлік тағамдарын өндіру.

Е.Мұратов мемлекет шетелдік компанияларға Қазақстанда индусриалдық жобаларын іске асыруда көмек көрсететіндігін хабарлап өтті.

Румынияның сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті Аурелиан Гогулесу өз сөзінде Қазақстандағы румыниялық сауда-экономикалық миссияның сәтті өткен тәжірибесін және екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей іскерлік байланыстарды орнатуға дайын екендіктерін атап өтті.

Екіжақты Қазақстан - румын сауда-өнеркәсіптік палатасының төрағасы Петру Лифичиу өз сөзінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың айтарлықтай әлеуетін және қазақстандық нарықтың шетелдік капиталға ашықтығын айтып өтті, қорытынды сөзінде «Қазақстан жетістіктің мысалы бола алады, тиісті нарықтық экономиканы енгізуде» деп айтып өтті.

Конференция қатысушылары Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесімен және оның «Астана» халықаралық қаржы орталығының құрылуымен  таныстырылды, сондай-ақ  5 институционалдық реформаны румын тілінде іске асырудағы Ұлт жоспары «100 нақты қадам», Қазақстанның инвестициялық гиді және тағы басқалары таныстырылды. 




Яндекс.Метрика