Евразиялық одақ

ЕЭК мен Дүниежүзілік кеден ұйымы арасындағы өзара түсіністік Меморандум жобасы мақұлданды

Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия коллегиясында кедендік ынтымақтастық саласында екң мәселе мақұлданды.
Әлемде18 Мамыр , 11:14

ЕЭК мен Дүниежүзілік кеден ұйымы арасындағы өзара түсіністік Меморандум жобасы келісілді. Құжат ЕЭК-мен бірге ДКҰ хатшылығымен кедендік әкімшілікті құру мәселесі бойынша ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында дайындалды, деп хабарлайды ЕЭК-ң баспасөз қызметі.

«Ынтымақтастық комиссиясы ДКҰ-мен алдағы интеграциялық процестердің дамуына айтарлықтай ықпал етеді және Комиссияның өз қызметі мен міндеттерін тиімді атқаруға мүмкіндік жасайды»,-деп атап өтті ЕЭК кедендік ынтымақтастық бойынша Министрі Мұқай Қадырқұлов.

Жақын уақытта өзара түстіністік Меморандумы ЕЭК-ң кедендік ынтымақтастық бойынша Министрі Мұқай Құадырқұлов пен Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Кунио Микуриямен қол қойылады.

Сонымен қатар, Коллегия «Еуразиялық экономикалық одақ кедендік бекеті арқылы өткізу пункттерін инспекциялық-тексеру кешенімен жабдықтау және оны қолдану туралы» ұсынымды мақұлдады.




Яндекс.Метрика