Өңірлер

Алматы мен Лугано қалаларының басшылары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек пен Лугано қаласының мэрі Марк Боррадори ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады әкімдік.
Алматы қаласы18 Мамыр , 09:32

Екеуара жасалған келісімде ақпаратты, агломерацияны, қала экономикасын, құрылысты, қоғамдық көлікті, туризмді, инновацияны, денсаулық сақтауды, қоршаған ортаны жақсарту мен коммуналдық шаруашылық пен басқа салаларды дамытуда тәжірбие алмасу қарастырылған.

Қала әкімі Швейцарияның Қазақстан мен Алматыда сыртқы сауда байланысында ерекше орын алатындығын жеткізді. Мысалы, бүгінгі күні Алматыда Швейцариямен біріккен 37 кәсіпорын және шетелдік капиталмен жұмыс істейтін 91 кәсіпорын тіркелген.

Өз кезегінде Лугано қаласының мэрі Алматының туристік әлеуетінің, әсіресе қысқы спорт түрлері бойынша жоғары екендігін атап өтті.

«Мен Сіздердің қалаға алғаш рет келіп тұрмын, қалаға деген таңданысым шексіз. Алматының туризм саласындағы болашағы зор екендігіне сенімдімін. Бүгін Сіз сөз еткен сандар мен қаланың мың жылдық тарихы оның болашақтағы ұлылығын және одан әрі дами беретінін көрсетеді», - деді М. Боррадори.




Яндекс.Метрика