Басқару

ҚР Президентінің Жарлығымен О.Сүлейменовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «О.О.Сүлейменовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы18 Мамыр , 09:16

«Қаулы етемiн:

1. Отандық әдебиетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, сондай-ақ бейбітшілік пен азаматтық келісімді нығайтуға бағытталған белсенді қоғамдық қызметі үшін ақын, қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін.

2.  Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген Жарлық мәтінінде.

 

 
 
 




Дерекнама

Яндекс.Метрика