Халықаралық интеграция

ҚР СІМ-ң басшысы дипломатиялық корпусты экономикалық және сауда дипломатиясын жандадыру бойынша бірлесе белсенді жұмыс істеуге шақырды

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Ұазақстан Республикасының инвестициялық климатын жақсарту мәселесіне арналған Қазақстанның Еуропалық бизнес-ассоциациясы ұйымдастырған іскерлік түскі асына қатысты.
Астана қаласы18 Мамыр , 08:43

ҚР СІМ хабарлағандай, іс-шараға Қазақстан Республикасының инвестициялық және даму министрі Әсет Исекешев, экспорт және инвестиция бойынша «KaznexInvest» Ұлттық агенттігі АҚ-ң басшылығы, дипломатиялық корпустың, халықаралық бизнес-ассоциацияның өкілдері, Қазақстанның іскерлік ортасы, сонымен қатар, біздің елдегі шетелдік құрметті консулдар қатысты.

Өз сөзінде Е.Ыдырысов отандық экономиканы жаңғырту мен индустриялизациялауда иенвестициялық климатты жақсарту мәселесіне мемлекет басшысының ерекше мән беріп отырғанын атап өтті. Осы орайда сыртқы істер ведомствосының басшысы дипломатиялық корпусты осы бағытта бірлескен жұмыстарды белсенді атқаруға шақырды. Сонымен қатар ол, инвестициялық-басымдық берілетін елдермен Қазақстанның визалық режимді ырықтандыру бойынша жұмыс жүргізетінін де атап өтті. 




Яндекс.Метрика