EXPO-2017

Recommended by EXPO бағдарламасына қатысуға Астананың 150 жуық кәсіпорын өтінім берді

Елордада Recommended by EXPO-2017 Астана қаласының серіктестік бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Қазіргі кезде туристерге қызмет көрсету саласында қызмет ететін 150 жуық кәсіпорын бағдарламаға қатысуға өтінім берді, соның ішінде 50-і бағалаудан өтті, деп хабарлайды Астана қаласының ресми сайты.
Астана қаласы18 Мамыр , 08:59

Комиссиялық бағалаудың қорытындысы бойынша Астананың жаңа 37 серіктесі анықталды, жақын арада оларға статустар табыстау салтанаты өткізілмек.

Сонымен қатар, қонақ үйлер, қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету салаларындағы кәсіпорындармен бірге Recommended by EXPO-2017 Астана қаласының серіктесі статусы хостелдерге, көлік компанияларына және жолаушылар тасымалы қызметтеріне де беріледі.

Бағдарлама серіктестері персонал үшін сервистік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша тренингтер өткізеді, сонымен қатар, кәсіпорындардың қызметкерлері ағылшын тілін меңгереді.

–  Recommended by EXPO 2017 Астана қаласының серіктестік бағдарламасына қатысқан сәттен бастап біздің персоналды бағалау және дамыту бойынша мамандарымыз қызметкерлерге ағылшын тілін үйретеді, келушілерге тиімді және мәдени қызмет көрсету, оларға қолайлы жағдайлар жасау бойынша шеберлік дәрістерін өткізеді, сервистің және қызмет көрсету сапасының жоғары деңгейін қолдауға бағытталған тренингтер өткізу үшін қиыр және таяу шет мемлекеттерден тренингтер өткізу үшін мамандар тарту жұмыстары қолға алынды, – деді бағдарламаға қатысушы атанған елордадағы ірі кофеханалар желісінің өкілі Лейла Карманова.

Оның айтуынша, бағдарламаға қатысу ерекше статус беріп қана қоймай, қосымша жауапкершілік те жүктейді, сонда да ШОБ өкілдері бұған дайын.

Қазіргі кезде Recommended by EXPO-2017 бағдарламасына гид-экскурсоводтар мен апартаменттерді де қосу мәселесі қаралып жатыр.

Еске салайық, өткен жылы қазан айында Астана қ. әкімдігі «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ бірлесіп Recommended by EXPO-2017 Астана қаласының серіктестік бағдарламасын жариялады, оның жұмыс органы «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС болып табылады. Бағдарлама аясында ҚР қолданыстағы заңнамасын және халықаралық тәжірибені ескере отырып, ұсынылатын қызметтер деңгейіне қойылатын талаптар әзірленді. 




Яндекс.Метрика