Өңірлер

Ақмола облысында өнеркәсіп өндірісіндегі физикалық индекс көлемі 111,5%-ды құрады

Ақмола облысында өнеркәсіп өндірісіндегі физикалық индекс көлемі 111,5%-ды құрады, деп хабарлайды облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Малғаждаров облыстың осы жылдың 4 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қортындысы бойынша өткен мәжіліс барысында.
Ақмола 17 Мамыр, 20:07

Ол 2016-шы жылдың 4 айында әлеуметтік-экономикалық динамикасының негізгі көрсеткіштері қанағаттанарлық екенін атап өтті.

«ИИДМБ аясында аталмыш кезеңде 166,4 млрд. теңгенің 61 жобасы іске қосылып, 6,3 мың тұрақты жұмыс орыны құрылған. Агроөнеркәсіп кешенінде жалпы ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 29,4 млрд. теңгені, физикалық индекс көлемі 105%-ды құрады. Ауыл шаруашылық тауарын өндірушілер астана базарларына 14,4 мың тонна сүт өнімдерін, 4,8 мың тонна ет өнімдерін, 60,7 млн. дана жұмыртқа жеткізді»,-деді ол.

Б.Малғаждаровтың айтуынша, облыс экономикасындағы инвестиция 33,7 млрд. теңгені құраған. Әлеуметтік салада 5 мектептің, 2 балабақшаның, 8 денсаулық сақтау нысанының құрылысы және  Ақкөл қаласында №1 балалар мен жетім балалар үшін балалар үйінің ғимаратына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Облыс әкімі Сергей Кулагин кәсіпкерлік және өнеркәсіп, ауыл шаруашылық басқарма басшыларына, өңір әкімдеріне әлеуметтік-маңызды азық-түлік тауарларының бағасына талдау жасау жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. 





Яндекс.Метрика