Ұлт жоспары 100 нақты қадам

ҰКП: Мемлекеттік қызметті бәсекелес ортаға беру екі саланың толық дайындығынан кейін жүзеге асырылады

Мемлекеттік қызметті бәсекелестік ортаға беру екі саланың толық дайындығынан кейін жүзеге асырылады, деді ҰКП нормативтік-құқықтық акілерді үйлестіру департаментінің сарапшысы Айжан Бижанова мемлекеттік орган қызметін бәсекелік ортаға тапсыру мәселесі бойынша өткен брифингте.
Астана қаласы17 Мамыр , 17:56

« «Атамекен» ҰКП мемлекеттік қызметті бәсекелестік ортаға беруге қызығушылығы артып отыр.  Мемқызметті тапсыру бір сәтте орындалмайдыя, ол екі саланың қызметті өзіне алуына байланысты  жүзеге асады. Тапсыру үрдісі де кезең кезеңмен жүзеге асырылуы керек», - деді ол.

Жалпы, Айжан Бижанованың айтуы бойынша бәсекелестік ортада мемлекеттік органдардың функцияларын беру үшін алгоритм ұсынылады.  Бірінші-  жыл сайын мемлекеттік органдар қызметіне бәсекелес ортаға беру және өзін-өзі реттейтін ұйымдар үшін түгендеу жұмыстарын жүргізу.Екінші – нарықтың дайындығына сараптама жасау.Үшінші – түгендеу және нарықтық дайындықты талдау комиссияның негізінде шешім қабылдау үшін Үкіметке ұсынымдар жасайды.

«Осы қадамды 2016 жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарланған.Төртінші – ұсыныстардың ҚР Үкіметімен мақұлданғанына орай, мемлекеттік орагандар заң шығару жұмысы арқылы нарыққа функцияларын дереу беруге кіріседі», - деді ол.

А.Бижанованың айтуынша, қазіргі таңда ҰКП сараптамалық пішіннің толытырылуы ұсынылды, ол нарықтың дайындығы туралы есеп, ол өзара реттеу қорытындысы бойынша әзірленеді.

«Келесi қадам бәсекелес ортаның мемлекеттiк функцияларды қабылдауға дайындығын зерделеу болмақ. Бұл жұмыста негiзгi рөлдi Ұлттық кәсiпкерлер палатасы мен Қазақстан азаматтық альянсы атқарады. Осыдан кейiн функцияларды нарыққа өткiзудiң амал-тәсiлi анықталады. Нақтырақ айтқанда бұл аутсорсинг, мемлекеттiк тапсырыс болуы мүмкiн, не болмаса, бұл жұмыс қызмет алушының есебiнен немесе өзiн-өзi реттеу арқылы iске асырылуы ықтимал», - дейдi ол.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика