Болашақтың біртұтас ұлты

ОҚО-да мемлекеттік этносаяси мәселесінің басымдылықтары талқылануда (ФОТО)

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе ұйымдастырған «Қазақстан өңірлерінде бірлік пен бірегейлікті нығайту бойынша этносаяси менеджмент» тақырыбындағы семинар басталды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Оңтүстік Қазақстан 17 Мамыр, 18:43

Семинар жұмысына этносаралық және конфессияаралық қатынастар, этносаясат мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметшілер, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласының этномәдени, діни, жастар ұйымдарының өкілдері, жоғары оқу орындарының, зерттеу институттары және үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері қатысуда.

Тыңдаушылар үшін дәрістік және практикалық сабақтарды ҚР Президенті Әкімшілігінің ХҚА Хатшылығы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ, 

Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мен «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының өкілдері жүргізеді.

Үш күндік семинар барысында қазіргі кезеңдегі мемлекеттік этносаясаттың жаңа міндеттері мен басымдылықтары түсіндіріліп, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының міндеттерін іске асыру шеңберінде қазақстандық бірлікті нығайту институты ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі және ҚХА қызметін заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты қарастырылады.

Сонымен қатар қатысушылар «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының философиялық негіздерін, Қазақстан жастарының қадір-қасиет бағдарлары мәселелерін, Қазақстандағы этностық процестердің тарихи ерекшеліктерін, мемлекеттік қызметшілердің этикасы мен имиджі мәселелерін талқылайтын болады.

Семинар бағдарламасында этносаясаттың өзекті мәселелері бойынша фокус-топтар ұйымдастыру, Оңтүстік Қазақстан облысының Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы мен Облыстық тарихи-өлкетану мұражайына көшпелі сабақтар жүргізу жоспарланған.

 

 





Яндекс.Метрика