Адами капитал

Әскери медиктер мен мергендер 2016 жылғы Армия ойындарының халықаралық кезеңіне дайындықты бастады (ФОТО)

ҚР ҚК Құрлық әскерлері Гвардейск гарнизоны оқу-жаттығу орталығының базасында 2016 жылғы Армия ойындарының халықаралық кезеңіне қатысу үшін әскери қызметшілердің дайындығы бастау алды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан 17 Мамыр, 20:23

 «Әскери-медициналық эстафета» және «Мерген шебі» байқауларына дайындық басталып та кетті. Онда 2016 жылғы Армия ойындарының халықаралық кезеңдеріне қатысатын қазақстандық Қарулы Күштердің ең үздік әскери қызметшілері іріктелетін болады. Дайындық жаттықтыруларында ҚР Қарулы Күштерінің 415-ке жуық әскери қызметшісі қатысады.

Еліміздің шамамен 120 бірлік әскери техникасы тартылды. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері «Танк биатлоны», «Мерген шебі», «Десанттық взвод», «Артиллериялық атыс шеберлері», «Әскери-медициналық эстафета» және көптеген басқа да байқаулар бойынша сайыстың барлық кезеңдерін аяқтағандарын естеріңізге сала кетейік. Барлық қатысушылар кедергілерді еңсерді, қойылған тапсырмаларды орындады және өздерінің жауынгерлік даярлықтарын көрсетті. 

Биылғы жылы Армия халықаралық ойындары-2016 алғаш рет Қазақстанның аумағында да өтетінін айта кеткен жөн. Онда әскери қызметшілеріміз «Мерген шебі» және «Артиллериялық атыс шеберлері» атты екі байқау бойынша тартысқа түсетін болады. Қалған байқауларға қатысу үшін халықаралық кезеңге дайындықты аяқтағаннан кейін үздік қатысушылар  Ресей Федерациясында бақ сынасуды жалғастырады. Онда қарсыластары отандастары емес, ал шетел армияларының әскери қызметшілері болмақ. Мұндай іс-шаралар әскери қызметшілер үшін ғана емес, жалпы еліміз үшін де аса маңызды. Аталмыш іс-шара өзге елдердің әскери қызметшілері арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Әрбір қатысушының жауынгерлік даярлығын арттырып, әскери халықаралық ынтымақтастықты нығайта түседі. 

 





Яндекс.Метрика