Өңірлер

СҚО-да білім беру нысандарының жөнделуіне 1,2 млрд теңге бөлінді

Облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов ауқымды жөндеу жұмыстары жоспарланған бiрқатар бiлiм беру мекемелерiнде болды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Солтүстік Қазақстан17 Мамыр , 19:23

«Үстiмiздегi жылы 105 қазандық жаңасына ауыстырылады. Бұл оқу орындарындағы қалыпты температураны сақтау үшiн жасалады. Өткен оқу жылында жаңа қазандықтар қойылғаннан соң, мектептер жылы болды. Бұл жұмыс мiндеттi түрде жасалады», — дедi өңiр басшысы. — Барлық жұмыстарды сапалы және жақсы деңгейде жасау үшiн осы үш айды тиiмдi пайдалану қажет».

Ағымдағы жылы облыс орталығының 19 мектебiне жөндеу жұмыстары жүргiзiледi, бұл мақсатқа 200 млн. теңгеден астам қаражат бөлiнген.

Жалпы облыс бойынша саласының 59 бiлiм беру нысанына жөндеу жұмыстары жүргiзiледi. Қаржыландыру көлемi өңiрiмiз үшiн рекордтық сома 1 млрд. 280 млн. теңгенi құрап отыр.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика