Инвестициялар

ИДМ: ЮНКТАД мәліметі бойынша Қазақстан инвестициялық ахуалы оңтайлы 25 елдің қатарына кіреді

ЮНКТАД мәліметі бойынша Қазақстан инвестициялық ахуалы оңтайлы 25 елдің қатарына енеді, деді Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Қазақстанның еуропалық бизнес қауымдастығының қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында.
Астана қаласы17 Мамыр , 15:03

«ЮНКТАД мәліметі бойынша Қазақстан инвестициялық ахуалы оңтайлы 25 елдің қатарына енеді. Doing Business жыл сайынғы есебі бойынша Қазақстан бизнесті дамыту бойынша өткізген реформалар бойынша  ондықтың қатарына енді. «Монитарлық инвесторларды қорғау» көрсеткіші бойынша, Қазақстан 25 орында тұр», - деді ведомство басшысы.

Ә.Исекешевтің айтуынша, Қазақста тұрақтылық пен ашықтық бойынша барынша саясатты қолданып жатыр. Бұл Қазақстанға инвестиция тартылудың негізі.

Айта кетейік, инвестициялық ахуалды жақсартудың 11 жылы ішінде Қазақстанға тартылған шетелдік инвестициялар саны 212 млрд долларды құрады.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика