ҚР ИИДМБ

ҚР-ның өңдеу секторындағы инвестициялардың 70 пайызы ИИДМБ аясында тартылды

Қазақстанның өңдеу секторындағы инвестициялардың 70 пайызы ИИДМБ аясында тартылды, деді Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Қазақстанның еуропалық бизнес қауымдастығының қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында.
Астана қаласы17 Мамыр , 14:32

«Инвесторлармен жұмыс жаңа инвестицияларды тартумен ғана емес, әрекеттегі инвесторларға меморган тарапынан  қолдау көрсетуді жалғастыруды қарастырады. Өңдеу өнеркәсібінің өзінде 168 инвестор жұмыс істейді. Оған қоса, өңдеу секторындағы инвестициялардың 70 пайызы ИИДМБ аясында тартылды. 30 инвестор кеңею үрісінде жұмыс істесе қалғанын жаңа жобаларға қайта бағыттау жұмысы тұр», - деді Ә.Исекешев.

Ведомствоның хабарлауынша, 2016 жылы 3 жоба пайдалануға берілді, 6 жобаны енгізу жоспарлануда.

«Бұл елдегі инвестициялық ахуалдың жақсы екенін көрсетеді», - деді министр.

Ботагөз Айтжанова

 

 




Яндекс.Метрика