Инвестициялар

2016-шы жылы 78 млрд. теңгенің 7 инвестициялық жобасын іске асыру жоспарлануда – ҚР ИДМ

Биыл зәкірлік инвесторлардың қатысуымен жалпы сомасы 78 млрд. теңге болатиын 7 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, деп хабарлады ҚР Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев Қазақстанның Еуропалық бизнес-ассоциациясының қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында.
Астана қаласы17 Мамыр , 13:56

«Қазақстан барынша инвестиция тартудың маңызды қадамы ретінде ашық және тұрақты саясат жүргізіп отыр. Соңғы 11 жылда инвестициялық климатты жақсартып, мақсатты түрде жасалған жұмыстардың арқасында Қазақстанға  тікелей келген шетелдік инвестиция 212 млрд. долларды құрады. 2010-шы жылы басталған индустрияландыру бағдарламасы инвестицияны өңдеу секторына өзгертуге мүмкіндік берді. Шетелдік инвестицияның 77 %-ы өңдеу секторына 2005-ші жылдан бастап бағдарламаны жүзеге асыруға жұмылдырылды»,-деді ведомство басшысы.

Министрліктің мәліметінше, индустрияландыру бағдарламасы жүзеге аса бастаған сәттен 30 ірі инвестор өңдеу кәсіпорындарында бизнестерін жасай бастаған.

«Биыл JAC, Hikma, Carmeuse Group, Cremonini, Peugeot, Citroёn, IVECO, Tenaris сияқты бірқатар зәкірлік инвесторлардың қатысуымен жалпы құны 78 млрд. теңге болатын 7 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда»,-деді Ә.Исекешев.

Ботагоз Айтжанова




Яндекс.Метрика