Өңірлер

Халықаралық туристік инвестфорум ШҚО-да өтеді

Еліміздің шығысында Дүниежүзілік туризм күні қарсаңында халықаралық форум өтеді. Онда шетелдік инвесторларға аймақтың туризм саласындағы әлеуеті мен перспективалы жобалары таныстырылады, деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығы.
Шығыс Қазақстан18 Мамыр , 13:48

ШҚО туризм және ішкі байланыс басқармасы хабарлағандай, форумды өткізу 2016-шы жылдың қыркүйек айына жоспарланған. Мамыр айына дейін әлеуетті инвесторлар үшін туристік орындар белгіленді. Тамыз айын дейін инвесторлар үшін ұсыныстар дайындалатын болады.

«Аталмыш жұмыс «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 57-ші қадамында көрсетілгендей туристік кластерді дамытуда үлкен жетістіктері мен тәжірибелері бар стратегиялық инвесторларды тарту бағытында іске асырылмақ»,-деп атап өтті туризм басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев.

Форум барысында әлеуеті үлкен инвесторларға аймақтың туризм саласындағы перспективалы жобалары таныстырылатын болды.

Атап өту қажет, туристерді көптеп тарту үшін Шығыс Қазақстанның турпакетін сататын онлайн порталды іске қосу жоспарлануда. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика