Адами капитал

ҚР Әскери-теңіз күштерінде кәсіби сүңгуірлерді даярлау басталды (ФОТО)

ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері Ақтау қаласында алғаш рет Маңғыстау облысының ТЖД құтқару жасағымен өзара іс-қимыл жасауда теңіз биатлонына дайындалу шеңберінде сүңгуірлік дайындықтан өтуде, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Маңғыстау 17 Мамыр, 19:56

 Толық оқу курсынан өткен және бітіру емтихандарын сәтті тапсырған тыңдаушыларға тиісті сертификаттар, сондай-ақ «3-сыныпты сүңгуір» біліктілігі беріледі. 29011 және 21814 әскери бөлімдерінен 22 әскери қызметші дайындықтан өтуде. Дайындыққа 1-сыныпты сүңгуір Асқар Хамит жетекшілік етеді.

Оқудың жалпы ұзақтылығы 14 күнді құрайды. Дайындық теориялық сабақтарды қамтиды. Сүңгуірлік түсудің физикасы мен физиологиясы, сүңгуірлік медицина, түсулер мен жұмыстарды ұйымдастыру, керек-жарақ пен практикалық сабақтар – сүңгуірлік керек-жарақты меңгеру дағдылары, құтқару жұмыстары және су астындағы апаттық жағдайдан шығу.  Дайындықты өткізу кезеңінде капитан-лейтенант Дастан Самат жақсы жағынан ерекшеленді. ҚР Әскери-теңіз күштеріндегі сүңгуірлік дайындық екі кезеңде өтетінін айта кетейік. Қысқы кезеңде әскери қызметшілер теорияны және жазда практикалық даярлықты өтеді. Оның қорытындысы бойынша теңізші әскери қызметшілер өздерінің кәсіптік қызметімен бірге қосымша дағдыны игере алады. 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика