Өңірлер

ШҚО-да сот үрдісінде бітістіру үдерістері белсенді қолданылады (ФОТО)

Өскемен қалалық соты Шығыс Қазақстан облыстық соты судьялары, прокуратура қызметкерлері, облыстық қорғаушылар ұжымы, Өскемен әділет басқармасы мен өзге орган салаларының қатысуымен сот үрдісінде бітістіру үдерістері белсенді қолдану туралы жиын өткізді, деп хабарлады ШҚО облыстық соты.
Шығыс Қазақстан 17 Мамыр, 15:34

Өскемен қаласының әкімі Ерлан Аймұқашев облыстық соттың өңірдегі  бітістіру ісіне қосқан үлесін атап өтіп, алдағы жұмысқа сәттілік тіледі.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Елбасының Ұлт жоспарындағы 11  қадамындағы  сот жүйесін жаңғырту бойынша  жоғарғы сот өткізетін реформалар туралы ақпарат берді.

Облыстық сот судьясы Елдос Жұмақасановтың айтуы бойынша, облыста 14 достық үйі,12 аудандық орталығы және Аягөз, Көкпекті, Зырян аудандарында  медиация кабинеттері мен орталықтар жұмыс істейді.

2015 жылы облыста «Медиация туралы» заңын кеңінен түсіндіру бойынша 2 ірі шара ұйымдастырылды.

 





Яндекс.Метрика