Білім беру

ШҚО түлектері ҰБТ-ны компьютерленген орталықта тапсыра алады

ШҚО-да Ұлттық бірыңғай тестті тапсыру үшін 5 727 адам дайындалуда. Олар қалаулары бойынша ҰБТ-ны компьютерленген орталықта тапсыра алады, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан17 Мамыр , 16:38

Облыс басшысы Даниал Ахметовтың төрағалығымен   өткен  кеңейтілген отырыста  ҰБТ-ға дайындық барысы талқыланды. Қазіргі таңда түлектер арасында осындай жүйемен тапсыру өтініші түсіп жатыр.

2015/16 оқу жылы мектеп бітіруші түлектердің саны 8379 адамды құрады. Болжам бойынша 2016 жылы 5727 адам ҰБТ тапсырады деп жоспарлануда. 2446 адам дәстүрлі емтихандар тапсырады, ал 206 адам денсаулығына ьайланысты емтихандардан босатылған.

Айжан Садықованың айтуы бойынша, биылғы оқу жылында өткен ҰБТ-да төмен нәтиже көрсеткен 50 мектеппен қосымша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде 38 мектепте оң көрсеткіш байқалады.

Айта кету керек, жақында Өскеменде елімізде алғаш рет компьютерленген ҰБТ орталығы ашылды.

Барлық қаралған сұрақтар бойынша облыс әкімі бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

 




Яндекс.Метрика