Қазақстан және БҰҮ

БҰҰ-да Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне арналған фотокөрме ұйымдастырылды

Нью-Йорктегі БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Қазақстанның тұрақты өкілдігі Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы көмегімен «Қазақстан халқы Ассамблеясы: қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік қазақстандық моделі» атты тақырыптық фотокөрме ұйымдастырды, деп ҚР СІМ хабарлайды.
Әлемде17 Мамыр , 12:59

Көрме келушілерге суреттер мен фотохроникалардан қоғамдық институттың мекемесін және 20 жыл ішінде оның жетістіктерін көруге мүмкіндік берді.

ҚХА қызметінің таныстырылымын ҚХА Хатшылық меңгерушісінің орынбасары Леони Прокопенко жасады. Өзінің құттықтау сөзінде Ассамблеяның мақсаттары мен міндеттерін  және олардың нәтижелерін айтып өтті.

Л. Прокопенко Ассамблеяның қағидалары Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі құндылықтары үйлесетіндігін айтып өтті.

ҚХА өкілдері Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуының негізгі бағыттарының бірқатарын анықтады, сондай-ақ «Мәңгілік ел», «100 нақты қадам: барлығы үшін заманауи мемлекет», қоғамдық-саяси, институциоанлқы реформаларды айтып өтті.  

Шараға қатысқан БҰҰ Өркениеттер альянсының өкілі Мэтью Ходс өз сөзінде дінаралық және мәдениетаралық диалогты мәселелерді нығайтуда және ілгерілетуде Қазақстанның қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтті.

БҰҰ жаныңдағы Қазақстанның тұрақты өкілі Қайрат Әбдрахманов өз сөзінде жаһандық күн тәртібіндегі Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтары туралы аудитория бөлісті, оның бастысы, Мемлекет басшысының қауіпсіздікті нығайту, зорлық экстремизм мен терроризмді алдын алу, орнықты дамуға жәрдемдесу бастамасы болды.

Шараға БҰҰ хатшылығының қызметкерлері, Мүше мемлекеттер ұйымына аккредиттелген тұрақты өкілдер, қоғамдық ұйымдардың сарапшылары қатысты.




Яндекс.Метрика