Ұлт жоспары 100 нақты қадам

ҚР ҰЭМ: 2016 жылдың мамыр айында мемлекеттік органдардың қызметін бәскелестік ортаға беруін түгендеу аяқталады

Мемлекеттiк органдардың бәсекелес ортаға және өзiн-өзi реттеушi ұйымдарға берiлетiн функцияларға түгендеу жұмысы ағымдағы жылдың мамыр айында дайын болады, содан кейін нарыққа қызметтерді анықтау басталады: аутсорсинг, мемлекеттік тапсырыс немесе өзін-өзі реттеу немесе өздігінен реттеу қаражатына. Бұл туралы ҚР Ұлттық экокномика бірінші Вице-министрі Марат Құсайынов Парламент Мәжілісіндегі Ұлт жоспарының «100 нақты қадам» іске асыру аясында экономикалық реформа және өңірлік даму жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында мәлім етті.
Астана қаласы17 Мамыр , 11:37

Ұлт жоспарының 97-ші қадамына сәйкес, өзін-өзі реттеу және жергілікті басқаруды дамыту арқылы шешiмдер қабылдау процесiне қатысу үшін кеңейтілген мүмкіндіктер береді.

«97-ші қадамның келесі кезеңі – бұл заңнамалық шоғырландыруда алгоритмдік бәсекелестік ортаға беру. Біз заң жобасын дамытудамыз және ол комиссияның отырысында ағымдағы жылдың шілде айында таныстырылады»,-деді М.Құсаинов.

Жалпы, вице-министрдің айтуы бойынша бәсекелестік ортада мемлекеттік органдардың функцияларын беру үшін алгоритм ұсынылады.  

Бірінші-  жыл сайын мемлекеттік органдар қызметіне бәсекелес ортаға беру және өзін-өзі реттейтін ұйымдар үшін түгендеу жұмыстарын жүргізу.

Екінші – нарықтың дайындығына сараптама жасау.

Үшінші – түгендеу және нарықтық дайындықты талдау комиссияның негізінде шешім қабылдау үшін Үкіметке ұсынымдар жасайды. Осы қадамды 2016 жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарланған.

Төртінші – ұсыныстардың ҚР Үкіметімен мақұлданғанына орай, мемлекеттік орагандар заң шығару жұмысы арқылы нарыққа функцияларын дереу беруге кіріседі.

М.Құсаинов өз сөзінде мемлекеттік органдардың қызметін түгендеу жұмыстары үшін сарапшылар тобының құрамы мақұлданғандығын айтып өтті.  

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика